БҚО-да балаларға зәбір көрсеткен екі тәрбиеші жұмыстан шықты
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында балаларға зәбір көрсеткен екі тәрбиеші жұмыстан қуылды. Новенький ауылында ата-аналар «Балабақшадағы тәрбиешілер баламызды жиі ұрып-соғады» деп полицияға арыз берген. Айтуларынша, балалар бір айдан бері үйге денелері көгеріп келеді. Оқиға орнына аудандық білім бөлімінің өкілдері келіп, ата-аналармен кездесті. Тәрбиешілердің балаларды жұлқыған дөрекі әрекеттері бейнежазбаларда сақталған. Комиссия қорытындысымен балабақша қызметкерлері жауапқа тартылды.
Динара Дусманова, ауыл тұрғыны:
Қызым бірде «Мені апай дәретханаға қамап қойды» деп арызданып келді. Мен сенбедім. Сөйтсек, тәрбиеші мен оның көмекшісі балаларды ұрып-соғып, дәретхананы көрсетіп, «қамап қоям» деп қорқытады екен. Бейнежазбада баланы нұқып, шымшиды, орындықтан құлатады, жұлқылап бір жаққа алып бара жатады.
Жадыра Бекжанова, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:
Жазбаны қарап шығып, тәрбиеші мен тәрбиешінің көмекшісі тарапынан дөрекілік фактілері анықталды. Тәрбиеші және оның көмекшісі өз еркімен жұмыстан шығарылды. Сонымен қатар «Бүлдіршін» бөбекжайының меңгерушісіне аудандық білім бөлімінің бұйрығымен сөгіс жарияланды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04