Әлем чемпионатының күміс жүлдегері елге оралды
АҚШ-тың Бостон қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров бүгін елге оралды. Отандасымызды алматылықтар ыстық ықыласпен қарсы алды.
Шайдоров әлемдік додада қысқа және еркін бағдарламаларда мәнерлеп сырғанаумен көзге түсті. Жалпы саны 287 ұпай жинап, әлемнің үздік екі спортшысының қатарына қосылды. Бұл - Михаилдың осы маусымдағы екінші ірі жеңісі. Бұған дейін ол төрт құрлық чемпионатында топ жарып, 2015 жылы дәл осындай сайыста жеңіске жеткен Денис Теннің жетістігін қайталаған еді. Енді ол ресми түрде Олимпиада жолдамасын иеленіп, Миланда Қазақстан намысын қорғайды.
Михаил Шайдоров, мәнерлеп сырғанаудан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері:
Негізгі дайындық Америка Құрама Штаттарында өтті. Жаттығу оңай болған жоқ. Себебі, маусымның соңында бар ойымды жинақтап, жоғары деңгейде өнер көрсету мақсаты тұрды. Жалпы, осы жарыс қиынға соқты. Әсіресе, қысқа бағдарламада біраз толқыдым. Залда 20 мыңдай адам тамашалап отырды. Ары қарай бәрі жеңіл түсті. Жүлделі орындардан көрінемін деген жоспарым бар еді. Барлығы өзім күткендей болды. Мені қолдаған барша жанкүйерге алғыс білдіремін.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізі мен Жайық өзенінің экологиялық мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:56
5 маусым - Экологтар күні
05.06.2026, 20:54
Солтүстікте агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:52
«Ауыл» партиясы мен «Ардагерлер ұйымы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
05.06.2026, 20:50
Әскердегі жасанды интеллект: Болашақ сарбазы қандай болады?
05.06.2026, 20:47
Қазақстанға әйгілі Du Soleil циркі келді
05.06.2026, 20:44
«Хезболла» тобы ымыраны қолдамады
05.06.2026, 20:10
Эболадан қаза тапқандар саны 60-қа жетті
05.06.2026, 20:09