Алматыда Ауған соғысының ардагерлері жастарға сабақ берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Ауған соғысының ардагерлері жастарға сабақ берді

07.04.2025

«Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым!». Алматыда осындай тақырыпта ардагерлер ерлік сабағын өткізді. Олар естеліктерін айтып қана қоймай, жастарды ұлтжанды болуға үндеді. Жиынға Ауған соғысының ардагерлері қатысып, Жеңіске жетер жолда тыл еңбеккерлерінің, сондай-ақ теміржолшылардың да үлесі көп болғанын жеткізді. Жастық шағын отқа тосқан майдангерлер өткен күннің қайталанбауын тілейді. Сонымен қатар жастардың тарихты біліп, елдің саналы, білімді келешегін құруға ат салысуға шақырды.

Дуан Омаров, Ауған соғысының ардагері:

Жастарға айтарым - ел үшін, жер үшін деген екі ұран болуы керек. Теміржолшылардың арасында да 21 Кеңес Одағының батыры болған. Теміржолшылар үлкен ерлік көрсетті. Тылда да, пойыздарды өткізіп, тоқтатпай, жұмыс істеді. Жеңіске қосқан үлесі көп.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу