Алматыда ауған соғысының ардагерлері әскери шара өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ауған соғысының ардагерлері әскери шара өткізді

08.05.2019

Сонымен қатар, бірқатар азаматқа «Ерлігі үшін» медалі табыс етілді.

«Абырой» ардагерлер одағының өкілдері студенттермен кездесіп, жастарды патриот болуға шақырды. Ал, тәлімгерлер әскери жарыста өзара бақ сынады. Аталған ұйым мүшелері мамыр айында қаладағы 30-ға жуық оқу орнында осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Игі бастама бүгінгі буынның отансүйгіштік қасиетін арттырып, ел мен халықты қорғаудағы жауапкершілікті еселейді.

Әли Нариманұлы, «Абырой» ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы:

- Біз барлығымыз өз отанымыздың патриоты болуымыз керек. Жас жігіттер Қазақстан Қарулы Күштері қатарында әскери міндеттерін атқарулары керек.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу