Алматыда Ауған соғысының ардагерлері бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Ауған соғысының ардагерлері бас қосты

13.10.2017

Олар «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының кезекті V съезіне қатысып, Ауған соғысында ерлік көрсеткен қазақ жауынгерлерінің ерен ерлігін еске алып, сыр шертті. Марапаттап, құрмет көрсетті. Аталған шара Елбасының «Рухани жаңғыру» жобасы аясында өтті. Жалпы, бүгінде Қазақстанда сол соғыста от пен оқтан аман қалған 17 мың ардагер бар. Оларға ұдайы әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. 

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

 - Қазір Парламентте Арман Төлешов депутатымызбен бірге мен және Бақытжан Ертаев үшеуіміз көтеріп отырған қазіргі алған пәтерлердің барлығы да Ауған соғысының ардагері өмірден өтіп кетсе оның отбасына бұйырмайды. Соны қалдыру туралы көтеріп жатырмыз.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ  

Хабарламаларға жазылу