Демографиялық мәселелерді шешудің тиімді жолдары қандай?
Болашақта түстік тұрғындарының саны көбейіп, теріскей халқының қатары керісінше азаюы мүмкін. Бұл - сарапшылардың пікірі. Мемлекет басшысы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Үкіметке аталған мәселемен мұқият айналысуды тапсырды. Демографиялық проблеманы қалай реттеген дұрыс? Ұлттық арна тілшілері өңір тұрғындарының пікірін білген еді.
Болат Заутұлы, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Павлодар облыстық филиалының басшысы:
Ішкі көштен 3060 адам квота, этникалық қазақтардан 1050 адам квотамен келуге тиісті. Біздің облысқа адамдар келген жоқ. Бұрынғыдай көші-қон мекемесі адамдарды өздері қабылдамайды, ақпараттық жүйе бойынша онлайн тапсыруға жүктелген. Онлайн тапсыруға мемлекеттік қызмет көрсету тетіктері толық қаралмаған.
Абзалбек Мұхаммеджанов, Марқакөл ауылының тұрғыны:
Жаңадан кәсіп бастаймын дегендер бар. Соларға жеңілдетілген несие берілсе? Не болмаса кәсібін кеңейтем дегендерге сол әлгі жеңілдетілген 2,5 пайыздықпен несиелер берілсе? Сонда кішкене жұмыс ілгері басар еді деп ойлаймын.
Жеңіс Асанов, «Amanat» партиясы СҚОФ атқарушы хатшысы:
Көптеген аймақтардың басты проблемасы — инфрақұрылымның әлсіздігі. Заманауи жолдар, сапалы білім, медициналық қызметтер мен жұмыс орындары болмаса, адамдар үлкен қалаларға кетуге мәжбүр болады. Сондықтан қажетті ресурстарды шалғай елдімекендерге, шекаралас аудандарға, шағын қалаларға бағыттау қажет.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04