Солтүстік Қазақстан облысында 120-ға жуық оқушысы бар мектеп жабылды
Себебі ғимараттың төбесі майысып кеткен. 60 жыл бұрын салынған нысан мүлде күрделі жөндеу көрмеген. Енді Қызылжар ауданы Белое орта мектебінің оқушылары көршілес елдімекенге қатынап оқиды. Мектеп ғимараты бастапқыда жатақхана ретінде салынған. 70 орынға арналған білім ошағында балалар екі ауысыммен оқып келді.
Мария Атрепкина, ауыл тұрғыны:
Төбенің ағаштары шіріп жатыр. Мектептің ішінде жағымсыз иіс шығып тұр. Балалардың өмірі мен денсаулығы үшін алаңдадық. Бізге жаңа мектеп керек. Қазіргі ғимарат ешқандай стандартқа сай келмейді.
Елдімекенде мектепке баратын бала саны 160-тан асады. 40 оқушы облыс орталығына қатынап білім алуға мәжбүр. Себебі қазақ сыныптарын ашатын кабинет жоқ, дейді мектеп директоры. Ғимараттың жағдайын бағалау мақсатында техникалық сараптама тағайындалды.
Айнагүл Сұрағанова, облыстық білім басқармасының басшысы:
Күрделі жөндеу қажет етеді деген сараптама шығатын болса, онда күрделі жөндеу жасаймыз. Егер сараптама мектеп қолданысқа беруге болмайды, апатты болатын жағдайында тағы да басқа шешімдерін қарастырамыз. Мектепті дәл қазір саламыз деген мәселе тұрған жоқ.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05
Кеденде ақпарат алмасу күшейеді
21.10.2026, 10:04