Қазақстанда геология мен жер қойнауын пайдалануды дамыту қажет. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті органдарға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Президент тапсырмасына сай, жиында салаға инвестициялар тарту, жаңа өміршең жобаларды жүзеге асыру тәсілдері талқыланды. 2024 жылы Қазақстанда 38 қатты пайдалы қазбалар алаңы анықталды. Соңғы 6 жылда барлау жұмыстарына жеке инвестициялық салымдар көлемі үш есеге артып, өткен жылғы көрсеткіш 100 млрд теңгені құрады. Дегенмен кеңесте геологиялық барлауға жұмсалған мемлекеттік инвестициялар жеткіліксіз деңгейде екені айтылды.
Премьер-министр салаға инвестиция тарту, тиісті инфрақұрылымды дамыту және жер қойнауын зерттеуде жаңа ғылыми тәсілдерді енгізу мәселелеріне баса назар аударды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына елдің минералды-шикізат базасын кешенді дамытуға бағытталған цикл құру жөніндегі бірлескен шараларды күшейтуді тапсырды.
Эльмира Кәленова
