Ұлттық құрылтай: Жаңа бастамалар мен мүмкіндіктерге жол ашады
Ұлттық Құрылтайда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жекеменшік мектептерге де енгізу туралы ұсыныс Президент тарапынан қолдау тапты. Енді жаңарған құжат «Адал азамат» деп өзгертіледі. Жобаның түпкі мақсаты – отаншыл, жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. Жиында қаузалған өзге де әлеуметтік мәселелер ел аузында.
Серік Жетпісқалиев, балалар жазушысы:
Ұлттық тәрбиені, жалпы тәрбиені, әрине, кейінге қалдыруға болмайды. Шын мәнісінде балаларға, әсіресе ұлттық тәрбие беруде өзіміздің қазағымыздың қалпын тәрбиелеуді қолға алғанымыз әбден дұрыс деп ойлаймын. Оның үстіне елімізде қолайсыз мектептер немесе үш ауысымда оқып жатқан мектептердің қысқаруы, азаюы, сондай-ақ жайлы мектептердің салынуы - үлкен бір жетістік.
Бақыт-Махмұд Жаңбырбаев, Жетісай қаласының тұрғыны:
Осы биылғы жыл еңбеккерлерге арналған деген әңгімесі өте қатты ұнады. Егер де шын мәнінде еңбекті қолға алып, оларға жағдай жасап, шоғырландырып, оларға бағыт-бағдар беріп және бір жерге топтастырудың өзі ол үлкен мәселе болады. Сол мәселелердің барлығы егжей-тегжейлі қаралады.
Есім Дауылбай, Амангелді ауданының тұрғыны:
Батысқа салатын жолды туралы естіпқуанып жатырмыз. Бұл болашаққа, елге, жұртқа, бәріне қай жағынан алса да, прогресс. Алға сүйрейтін локомотивтің бірі болады деп есептеймін. Жастардың болашағы жарқын болады.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Зеландияға қар жауды
04.08.2026, 17:15
Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар 6 мыңнан асты
04.08.2026, 17:12
Сарапшы: Сайлау – әділ әрі ашық қоғам кепілі
04.08.2026, 17:07
Өткен айда теңге 1,3%-ға нығайды
04.08.2026, 17:05
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс артып келеді
04.08.2026, 17:03
Ішкі тауар айналымының көлемі ₸36,2 трлн-ға жетті
04.08.2026, 17:00
Астанада фиджитал-футбол жарысы өтіп жатыр
04.08.2026, 13:22
Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
04.08.2026, 13:20