«Ұлттық киімді тек Наурызда ғана емес, күнделікті киетін болдық»
Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайда бүгінгі қоғамдағы маңызды мәселелер талқыланды. Қатысушылар мәдениет, әлеуметтік-экономикалық даму, білім және ғылым салалары бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды. «Qazaqstan» телеарнасының тілшілері қарапайым тұрғындардың пікірін білген еді.
Мәдина Әбіш, Тараз қаласының тұрғыны:
Жалпы Президент дұрыс айтады. Тараз қаласын туристік нысан ретінде, туристік мекен ретінде көрсету үшін имидждік қызметтер атқару керек. Туристік қала ретінде дамыту мақсатында бізде қазір маркетинг, имидж жағы кішкене ақсап тұр. Алдағы уақытта қолға алады деп ойлаймын.
Нұрзат Әлжанова, Петропавл қаласының тұрғыны:
Жастардың әлеуметтік желіде отыруы – өткір мәселе болып тұр. Соның ішінде Президент атап өткен әлеуметтік желіде адамға тіл тигізу, ар-намысын аяққа таптау сынды жат қылықтар көбейіп кетті. Менің ойымша, енді әлеуметтік желілерге шектеу қою қажет.
Марал Жақыпова, қоғам қайраткері:
Соңғы жылдары ұлттық киімді тек қана Наурыз тойда ғана емес, ағайын арасындағы той-томалаққа да, күнделікті өмірде де мақтана киіп жүретін деңгейге жеттік. Ата-бабамыздан аманат болып қалған салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды бүгінгі заманға сай жаңғыртып, жаңартып алып келе жатқаны, кейінгі ұрпаққа үлгі ететіні қуантады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04