Талдықорған әуе базасының ұшақтары әскери шеруге әзір - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорған әуе базасының ұшақтары әскери шеруге әзір

20.03.2025

Талдықорған әуе базасының ұшақтары Астанада өтетін жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге қатысады.

Қазір 21-де 751 әскери бөлімінде ұшқыштар СУ 30 СМ жойғыш ұшақтарымен дайындықтарын пысықтауда. Көк аспан тыныштығын күзеткен әскерилер қаз-қатар тізіліп Елорда төрімен ұшып өтеді. Сондай-ақ арнайы жаттығулар орындап көріністер ұйымдастырады. Мұнан бөлек шеруге әуе базасының техниктері, офицерлері мен келісімшартпен қызмет етіп жатқан жауынгерлері қатысып, сап түзеп жүріп өтеді.

Арман Жақсыбаев, 21/751 әскери бөлімі командирінің орынбасары:

Біздің ұшқыштар және ұшақтар әскери әуе парадты өткізуге дайын. Аптасына үш рет топтық дайындықты өткізуде. Әскери парадты біздің ұшқыштар және авиациялық ұшақ техниктері өткізуге дайын.

Қуаныш Қанатұлы 

Хабарламаларға жазылу