СҚО-да бір тәулікте жаңбырдың 10 күндік мөлшері жауды
Солтүстік Қазақстан облысының кей аудандарында бір тәулікте жаңбырдың 10 күндік мөлшері жауды. Мамандардың айтуынша, бұл құбылыс қардың тез еруіне және өзен-көлдердегі мұздың жұқаруына әсер етеді. Синоптиктер болжамынша, қар аралас жаңбыр 5 күн бойы жағасады. Тұман түсіп, көкайғақ болуы ықтимал.
Эльмира Кәленова, тілші:
Қызылжар өңірінде күн жылына бастады. Кешеден бері термометр бағаны 0+2 градусты көрсетіп тұр. Синоптиктер мәліметінше, бір тәулікте облыста жауған жаңбырдың көлемі 6 миллиметрден асты. Ал 10 күндік норма 3-8 миллиметр аралығында. Әсіресе Айыртау және Ғабит Мүсірепов аудандарында сіркіреген жаңбыр толастамай тұр. Ғабит Мүсірепов ауданы су басу қаупі жоғары аймақтар тізіміне енгізілген болатын. Қазір тасқынға дайындық шаралары жүріп жатыр. Келер аптада Уәлиханов және Ғабит Мүсірепов аудандарына облыс орталығынан қажетті техника мен құтқарушылар жөнелтілмек. Облыста қарбалас басталғаны аңғарылады. Бөгеттер мен бөгендер нығайтылып жатыр. Төтенше жағдай департаментінде жедел штаб іске қосылды. Елдімекендерден қар шығарылып, арықтар тазаланып жатыр. Өзен-көлдерде мұз жару жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көп қаржы бөлінді. Тұрғындар мен төрт түлікке арналған эвакуациялық пункттер әзірленуде.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05