Бүгіннен бастап, ел аумағында жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі басталды. Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы былтыр Президенттің бастамасымен қолға алынған енді.
Сонымен, бүгін наурызнаманың алғашқы күні - Амал мерекесі, яғни көрісу күні. Қыстан қысылмай, аман-есен шыққан адамдар бір-бірімен қауышып, жылы лебізін білдіреді. Ал, ертең - мейірімділік пен ізгілік насихатталатын қайырымдылық күні. Бұл күні мұқтаж жандарға жан-жақты көмек көрсету игі дәстүр.16 наурыз – отбасы құндылықтары насихатталатын Шаңырақ күні. 17 наурыз – мәдениетіміз бен ұлттық салт-дәстүр ұлықталатын күн.
Ал, 18 наурызда Ұлттық киіміміз дәріптеледі. 19 наурыз – Жаңару күні. Көпшілікке көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылды. 20 наурызда қазақтың ұлттық спорт түрлері ұлықталып, түрлі жарыс өтеді. 21 наурызда халық арасында татулық пен бірлік насихатталады. 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні. Бұл күні -- күн мен түң теңеліп, жаңа жыл басталады. Наурызнаманың қорытынды күні, жаңа жылды қарсы алудың символы – Тазару күні. Бұл күні Қазақстанның барлық аймағында жалпыұлттық экологиялық акция өтеді.
Асылбек Данияр
