СҚО-да жастарды жұмыспен қамту үшін екіжақты келісім бекіді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да жастарды жұмыспен қамту үшін екіжақты келісім бекіді

13.03.2025

«Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқып, өз міндеттемесін орындамаған 1200-ден астам түлек білім грантына жұмсалған ақшаны мемлкетке қайтарды.

Жұмыс күші тапшы өңірлерде кадр мәселесін шешуге бағытталған жоба 2014 жылы іске қосылған еді. Осы уақыт аралығында 12 мыңға жуық студент білім алды. Олардың 27 пайызы түрлі себептермен жұмысқа орналаспаған.

Мемлекеттік бағдарлама аясында диплом алған жастарды еңбекпен қамту мәселесін шешу мақатында Петропавлдағы Қозыбаев университеті облыстағы ірі кәсіпорындармен меморандум жасасты. Түлектер өздері білім алған өңірлерде тұрақтап қалуы үшін уақытша баспанамен қамту мәселесі қарастырылуда. Ал жұмыс берушілер жас мамандарды барынша қолдауға әзір екенін жеткізді.

Дидар Тасыбек, зауыт директорының орынбасары:

Осы жылы бізге 25-ке жуық инженер керек. Бүгін бітіріп, ертең жұмысқа тұрғызуға да қарайласамыз. Өзіміздің жатақханамызды да береміз. Жұмыс істеуіне байланысты сыйақылар да тағайындап, төлеуге дайынбыз.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу