Алашорданың 100 жылдығы Түркияда тойланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алашорданың 100 жылдығы Түркияда тойланады

31.10.2017

«Алаш» партиясы мен «Алаш орда» үкіметінің 100 жылдығы Түркияда да кең көлемде тойланбақ. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Ғасырлар тоғысындағы Алаш идеялары» атты жиынға қатысқан түркиялық ғалымдар айтты. Олар қараша айының соңында Қазақ елімен бірлесіп, ұлт зиялыларының рухани мұраларын дәріптеу турасында келелі жиын өткізбекші. «Түрік еліндегі жоғары оқу орындарында қазір Алаш арыстарының еңбектері жүйелі түрде оқытылады. Өйткені, бұл «Барша түбір бір түркі жұртына ортақ құндылықтар», - дейді зерттеушілер. Ал, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған бүгінгі конференцияда «Алаш» идеясының өміршеңдігі сөз болды.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Алаш ұстанымдарын насихаттау тек осы 2017 жылмен ғана шектелмейді. Бұл біздің мәңгі ұстанымдарымыз, мәңгі құндылықтарымыздың бірі. Сондықтан, бұл жұмыстың тек басына енді ғана кірісіп отырмыз.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу