Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасымен кездесті

26.02.2025

Премьер-министр Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесті. Жиында бірлескен жобаларды жүзеге асыру шеңберіндегі ынтымақ мәселелері талқыланды. Банк былтыр республикадағы жобаларға шамамен $1,4 млрд бөлген. Жалпы алғанда, соңғы 3 жылда елге салған инвестициялар көлемі $3,6 млрд-қа жуықтайды. Олар алдағы уақытта энергетика, көлік және өнеркәсіп салаларындағы негізгі стратегиялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға ниетті. Сондай-ақ қаржы ұйымы биыл цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізуге баса назар аудармақ. Үкімет басшысы осы бағыттардағы жұмыстарды одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

Ернұр Медет


Хабарламаларға жазылу