СҚО-да 116 ауылға тасқын қаупі төніп тұр
Былтыр тасқын кезінде суда қалған елдімекендерге биыл да қауіп төніп тұр. Сондықтан Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғындары жаппай қар шығарып жатыр. Әсіресе қауіпті аймақта тұрған учаскелер басты назарда. Өңірде су тасқыны болуы мүмкін 116 ауыл тіркелген. Әріптесім Эльмира Кәленова тасқынға дайындық шараларымен танысып келген еді.
Эльмира Кәленова, тілші:
Прибрежное – Петропавл қаласының іргесінде орналасқан. Былтыр көктемде елдімекен толықтай су құрсауында қалды. Тұрғындар үйлеріне тек қайықпен қатынаған болатын. 500-ге жуық үйдің 200-ден астамын су басқан еді. Өзеннің жағасында орналасқан ауыл биыл да қауіпті аймақта тұр.
Зейніл Торқанов, ауыл тұрғыны:
Жел апаты, от апаты, су апатынан сақта деген. Су 2014 жылы келді, сосын 2017 жылы келді. Содан, міне, былтыр келді. Былтыр көп келді. Сенбеп едік, енді өз көзімізбен көргеннен кейін қорқыныш бар.
Эльмира Кәленова, тілші:
Биыл жауын-шашын мөлшері жылдағы көрсеткішке сай. Дегенмен синоптиктер наурыз қарлы болатынын айтып отыр, әрі көктем ерте келмек. Қыс басталғаннан бері аталған елдімекеннен 1500 текше метрден ақ ұлпа шығарылды.
Руслан Қайыржанов, жүргізуші:
Жұмыс 08:00-ден 20:00-ге дейін. Тасқынға дайындалып жатырмыз. Үйдің алдынан, жолдың бойынан қар шығарып жатырмыз.
Эльмира Кәленова, тілші:
Күзде ауылды айналдыра осындай бөгет салынды. Ұзындығы 5 шақырымнан асады. Ал биіктігі 3-5 метр аралығында. Құрылысқа 560 млн теңге қаражат жұмсалды.
Бөгеттер мен бөгендерді нығайту жұмыстары әлі де жалғасуда. Дәурен Сәкенұлы, округыңызда тасқынға әзірлік қалай?
Дәурен Рамазанов, ауылдық округ әкімі:
Қазіргі таңда әзірлік жүргізіп жатырмыз. Мына қаптарды тиеуге әскери институт сарбаздары келіп көмектеседі. Озерный орта мектебінде эвакуациялық пункт бар. Мал шығарылатын болса, мал дәрігерлік станция көмектеседі.
Эльмира Кәленова, тілші:
Күзден бері облыста 8 бөгет салынып, нығайтылды. Жалпы ұзындығы 32 шақырым. Су тасқыны болуы мүмкін елдімекендер қатаң бақылауға алынды.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент, Димаш, ЖИ: 2025 жылдың қорытындысы
22.12.2025, 14:59
2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке куәлік тегін беріледі
22.12.2025, 13:17
Талды ауылының жолы күрделі жөндеуді қажет етеді
22.12.2025, 13:16
Балқаштағы медициналық мекемелерді жаңғыртуға 7,5 миллиард теңге бөлінді
22.12.2025, 13:15
Өскеменде көктайғақтан мыңнан аса адам зардап шекті
22.12.2025, 13:14
Алматыда студент мұғалімге пышақ кезенген
22.12.2025, 13:13
Ресейде аутизм саны 140 пайызға өсті
22.12.2025, 13:11
Газада гуманитарлық жағдай нашарлады
22.12.2025, 13:10