Оралда Александр Островский атындағы облыстық драма театры реставрациялық жөндеуге жабылады. Бұған дейін Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының екі жыл бұрын жөндеуге жабылып, бірақ жұмыс әлі басталмағанын айтқан едік.
Бұрынғы орыс театры еліміздегі ең көне театр болып саналады. 1859 жылы салынған ғимарат елдегі тарихи-мәдени ескерткішер тізіміне енген. Қазір реставрация, күрделі жөндеу жұмысы басталып кетті. Шатыры мен іргетасы, қасбеті жаңарады. Жылу құбырлары, электр желілері жаңғыртылады. Сахнаның дыбыс-жарық аппаратуралары ауыстырылады. Жөндеу жұмысы жыл соңына дейін аяқталуы керек.
Марат Қалиев А.Н.Островский атындағы облыстық драма театрының директоры:
Келісімшарт бойынша 593 млн теңгеге жуық күрделі жөндеу және реставрациялық жұмыстар жүргізіледі. Жан-жақтан реставраторлар шақырылып жатыр. Соның ішінде Түркістан облысынан. 1 наурыздан бастап облыстық халық шығармашылығы орталығына көшіп жатырмыз. Бүкіл спектакльдер сонда болады. Үлкендерге де, балаларға арналған ертегілер де.
Ардақ Мұратқызы
