Оралда бірнеше шағын ауданда су жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда бірнеше шағын ауданда су жоқ

17.06.2021

Оралда бірнеше ауданның тұрғындары екінші күн сусыз отыр. Кәріз стансасында апат болып, үш шағынауданда су беру тоқтаған болатын. Қазір бұзылған насос жөндеуге жіберілген. Су тек кешкісін, онда да уақытпен беріледі. Күндіз көлікпен тасып әкеліп жатыр. Екі апта бұрын нөсерден кейін жер опырылып, коллектор істен шыққан еді. Сол кезде 6 бірдей шағын аудан сусыз қалды.

Жасұлан Әлібеков,    учаске басшысы:
Насосты бүкіл елден іздеп жатыр. Өйткені, қазір ондай қозғалтқыш жоқ. Өндірістен алынып тасталған. Бізде тұрғаны 2009 жылы шыққан, бірақ мерзімі өтіп кеткен. Қазір орнына балама салып, уақытша амалдап жатырмыз.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу