Нидерландыда коронавирус бір күнде 16 мың адамнан табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нидерландыда коронавирус бір күнде 16 мың адамнан табылды

12.11.2021

Нидерландыда пандемия басталғалы бері коронавирус жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші бойынша антирекорд орнады. Соңғы 24 сағатта вирус 16 мыңнан астам адамнан анықталған. Одан ауруханаларға ауыр салмақ түсті. Елдің тиісті органдары үкіметке жартылай локдаун енгізу туралы ұсыныс берді. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Бүгін нақты шешім қабылдануы тиіс. Жартылай шектеу шарасы аясында іс-шаралар тоқтатылып, театр, кинотеатрлар жабылады. Бұған қоса дәмхана, мейрамханалардың жұмыс уақыты қысқарады.


Хабарламаларға жазылу