Семей жастары полиэтилен дорбадан бас тартуға шақырды
Семейде «Абай жастары» жастар ресурстық орталығы экологиялық шара ұйымдастырды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаладағы сауда орындарын аралап, тұрғындарға эко шопперлерді тегін таратты. Күнделікті тұрмыста полиэтилен пакеттерден бас тартудың маңыздылығын түсіндірді. Экологияға орасан зиян келтіретін заттардың орнын табиғи материалдардан жасалған қағаз пакеттер немесе матадан тігілген дорбалармен алмастыруға үндеді. Белсенді жастар мұндай шараларды алда өзге аудан, ауылдарда жалғастырмақшы.
Тоты Сүлейменқызы, Семей қаласының тұрғыны:
Қазіргі мына полиэтилен пакеттердің бәрі ауаны ластайды. Олар 500 жылдан кейін ғана жойылатын нәрсе. Бала-шағамызға, немерелерімізге зиян болады. Сондықтан қазақстандықтарды экологиялық таза өнімдерді қолдануға шақырамын.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44