Петропавлда кәріз жөндеушілерді күйік шалды
Петропавлда кәріз коллекторын жөндеу кезінде құбырдағы жиналған газ ұшқыннан тұтанып, от шығып, 5 адам жарақат алды. Өңірдегі тілшіміз Эльмира Кәленова студиямен тікелей байланыста.
Эльмира Кәленова, тілші:
Оқыс оқиға болған жерден тікелей байланысқа шығып тұрмыз. Дәл осы кәріз коллекторын жөндеу кезінде құбырда жиналған газдан ұшқын шыққан. Салдарынан 5 жұмысшының бетін күйік шалған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы тұрақты. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бір адам үйіне жіберілген. Қалғандары ауруханада емделеді. Науқастардың бірімен тілдескен едік.
Бауыржан Ибраев, науқас:
Құдықтың ішінде құбыр бар. Соны бұзып жатқанда ұшқын шығып, газ шыққан. Екі құбырдың арасында газ болған екен, біз су шығатын шығар деп ойлағанбыз. Газ ұшырып жіберді. Сосын жедел жәрдем келді.
Эльмира Кәленова, тілші:
Жұмысшылардың шошып қалғаны аңғарылады. Ақ халаттылар емдеу курсы шашамен 7-10 күн бойы жалғасатынын айтты. Істің мән-жайын полиция анықтайды. Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05