Мюнхенде қауіпсіздік конференциясы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мюнхенде қауіпсіздік конференциясы өтіп жатыр

15.02.2025

Германияда Мюнхен конференциясы екінші күнге жалғасты. Шара өтіп жатқан қонақүй жанында қауіпсіздік мейілінше күшейтілген. Тәртіпті бақылауға 5 мыңдай офицер жұмылдырылды. Биылғы қауіпсіздік конференциясының басты екі тақырыбы - Украинадағы соғысты аяқтау және Еуропаның қорғанысқа жұмсайтын шығындарын арттыру мәселелері. Сонымен бірге бүгінгі кездесулер АҚШ-тың вице-президенті Джей Ди Вэнстің жұма күні сөйлеген сөзіне арналуы мүмкін. Ол еуропалық лидерлерді «сөз бостандығын цензураға алды, иммиграцияны бақылаудан шығарды» деп айыптаған еді. Вэнс шара аясында Украина президентімен кездескен. Владимир Зеленский соғысты тоқтатуға бағытталған бейбіт келіссөз Украинаның қатысуымен өтуі тиіс деп мәлімдеді.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

Мен Трамп және Еуропамен ортақ жоспар құрғаннан кейін ғана Путинмен кездесемін. Соғысты тоқтатамыз. Тек осы жағдайда ғана кездесуге дайынмын.

Мұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында Ресей және Украина өкілдері кездеседі деп мәлімдеген еді. Алайда Кремль Украинадағы жағдайды реттеу тақыбырына қатысты әзірге айтатын ештеңе жоқ деп мәлімдеді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ-тың вице-президенті Вэнстің «Мәскеу Украинамен бейбіт келісім жасауға келіспесе, оған қарсы экономикалық және әскери құралдар қолданамыз» деген сөздеріне қатысты түсініктеме күтеміз деп айтты. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу