Өзбекстан ғимарат шатырларының 50 пайызына күн батареяларын орнатпақшы. Алдағы екі жылда үш мыңдай шағын электр станциялары салынады. «Жасыл энергияны» дамыту бағдарламасы аясында қосымша қуат көздерін арттырудың бірнеше жобасы әзірленген. Соның бірі – шағын бизнес, әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлерді баламалы энергия көздерімен қамту. Заманауи құрылғыларды орнату жоспары қалай орындалып жатқанын прокуратура қатаң бақылайды. Көрші елде электр қуатын үнемдеу, оны тиімсіз пайдаланатындармен күрес басты назарда. Ғимарат шатырларына күн батареяларынан бөлек, су жылытқыштар орнату да көзделген. Ал көпқабатты үй құрылысына енді тек заңды тұлғалар ғана тартылады.
Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының президенті:
Соңғы үш жылда көпқабатты үй салу үшін жеке тұлғалар 47 гектар жерді аукцион арқылы сатып алған. Бірақ, көпшілік учаскелерде құрылыс басталмады. Бұдан былай, мұндай үйлерді салуға арналған жер телімі тек заңды тұлғаларға ғана сатылады.
Базаркүл Отыншиева
