Физика пәнінің мұғалімі желі жұлдызына айналды
Тараздa физика пәні мұғалімі осылай сабақты сазды әуенмен түсіндіріп, физика заңдылықтарын бейнеклип арқылы баяндап береді. Ньютон заңын нотаға түсірген жас ұстаз желі жұлдызына айнала бастады. «Дарын» лицей-интернатында жұмыс істейтін физик әрі лирик Рауан Жаңабай ерекше эксперимент жасауды бір жыл бұрын бастаған. Жастар трендтегі әндермен түсіндіру тәсілін тез қабылдаған. Бүгінде 30-ға жуық физика заңдары мен теңдеулерін ән мәтініне арқау еткен.
Рауан Жаңабай, физика пәнінің мұғалімі:
Осы жылы 7-сыныптарға сабақ бетіп жатырмын. Оларға арнайы тіркестер деген ән жазып берген соң, соны жаттап алды. Сабақтан бөлек, сабақ үстінде айтып қалады және көмегі тиді дейді. Тіркестер деген 7-сыныптағы өте маңызды тақырыптың бірі. Оны білмесе, 11 сыныпта қиналады. Өзім маман ретінде дамығым келеді, қазіргі таңда неше түрлі курстар оқып жатырмын.
26 жастағы әнші-физик өз қаржысына мобилограф жалдаған. Енді ол зертханалық сынамаларды графикалық кесіндер арқылы бейнероликтеріне қоспақ.
Назира Шілтаева, лицей-интернаттың директоры:
Сабағы заманауи үлгіде өтеді. Сабаққа өте жақсы өтеді. Өйткені физика да математика да нақты ғылым ғой. Нақты ғылымды Рауан балаларға өз деңгейінде жеткізеді. Бір тақырыпқа арналған арнайы заманауи үлгідегі сабақ жоспары да бар.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05