Басты Жаңалықтар Ресейде қазақ тіліне сұраныс артып келеді

Ресейде қазақ тіліне сұраныс артып келеді

Ресейде қазақ тіліне сұраныс жоғары. Қандастармен қатар тіл үйренуге өзге ұлт өкілдерінің тарапынан да қызығушылық артқан. Сондықтан енді Мәскеуде қазақ тілі үйірмелері көбейіп, дәстүрімізді дәріптейтін мәдениет күндері де өткізіле бастады.

Бүгінгі күні Мәскеудегі Қазақстан павильонында әр апта сайын қазақ тілі тегін оқытылады. Одан бөлек домбыра тарту, ою-өрнек жасаудан шеберлік сабақтары да өтеді. Енді Ресей астанасындағы ұзақ өмір сүру орталығында да қазақ мәдениеті дәріптелуде.

Сергей Иванов, орталық қызметкері:

Қазақ мәдениеті, дәстүрі соңғы уақытта қызығушылық жоғары. Тіпті Мәскеу тұрғындары орталыққа жалғыз келмейді, үнемі отбасы, бала-шағасымен келеді. Қазақ тіліне де сұраныс жоғары. Сондықтан мұндай шараларды жиі өткізіп тұру керек.

Жалпы, Мәскеуде 100 мыңға жуық қандас тұрады. «Ұлттық болмысымызды сақтап, келер ұрпаққа насихаттау міндетіміз», - дейді олар. Ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарды әзірлеуден шеберлік сағаттары да қайтадан өткізілуде.

Айшат Байғазиева, Мәскеу қаласының тұрғыны:

Біз өзіміздің мәдениетіміздің құндылығын, домбыра үйірмесін, жас қанат өкілдері өз таланттарын көрсетіп,  көрмемізді қойып, өзімізді таныстырып, өзге де ұлт өкілдеріне осылай үлгі көрсетіп жатырмыз.

Алдағы уақытта қазақ тілінен олимпиада өткізу жоспарлануда. Мамандар сапалы оқулық болса, тіл үйренетіндердің саны күрт өсетінін айтады. Сонымен қатар алғаш рет қандастар арасында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтпек.

Индира Бегайдар


Бөлісу