Басты Жаңалықтар Қазақстан құрамасы биатлоннан екінші орын алды

Қазақстан құрамасы биатлоннан екінші орын алды

Ябулиде өтіп жатқан Қысқы Азия ойындарында биатлоннан соңғы жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Ерлер арасындағы эстафетада Қазақстан құрамасы тамаша нәтиже көрсетіп, мәреге екінші болып жетті. Бұл сында ел намысын Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев қорғады. Жарыстың алғашқы кезеңінде отандастарымыз 5-ші орында келе жатқан еді. Алайда Әсет Дүйсенов өзінің шеберлігі мен мергендігінің арқасында команданы бірден көш басына алып шықты. Бірақ соңғы атудан кейін күн райының қолайсыздығы әсер етіп, отандастарымыз айып алаңында уақыт жоғалтып алды. Соған қарамастан шешуші кезеңге шыққан Владислав Киреев керемет жылдамдық танытып, Қытай құрамасын артқа тастады. Алайда жапон биатлоншысын басып озу мүмкін болмады. Осылайша екінші орынға жайғастық.



Бөлісу