Павлодар облысындағы пансионатта қарттарды ұрып-соққан
Павлодардың іргесіндегі Ақсу қаласында пансионат қызметкерлері қарттарды ұрып-соққан. Зәбір көрсетіп, күш қолданғандары ғимарат ішіндегі бейнекамераға түсіп қалған. Негізінен пансионат қызметкерлері қарттыққа әбден бой алдырған әлжуаз екі қарияға қорлық көрсеткен. Оның бірі 84 жаста. Қыстың суығына қарамастан қауқарсыз жандарды кейде сырт киімсіз аулада ұстаған. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Әділет Әлмұхамбетов, Ақсу қаласы прокурорының орынбасары:
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта барлық кінәлі тұлғалар анықталды. Тергеу барысы прокуратураның ерекше бақылауына алынды.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңа Конституция жобасын еуропалық сарапшылар талқылауда
11.02.2026, 21:34
Қыс әлегі: Жамбыл облысында бірнеше бағыттағы жол жабылды
11.02.2026, 20:18
Әлем жаңалықтарына шолу
11.02.2026, 20:17
Ипотека нарығына өзгеріс енгізіледі
11.02.2026, 20:16
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына 36,8 млрд теңге бөлінді
11.02.2026, 20:15
Қысқы Олимпиада ойындарының 5-күні
11.02.2026, 20:12
Автогаз қоймаларын жер астына орналастыру міндеттелуі мүмкін
11.02.2026, 20:12
Әскерден келгендер университетте тегін білім алып жүр
11.02.2026, 20:11