Өзбекстанда дәрі-дәрмек саудасында заңсыздық көп
Өзбекстанда дәрі-дәрмек бағасы еркіне жіберілетін болды. Бұрын оны мемлекет реттеп отыратын. Ел президентінің жарлығына сай, енді құзырлы органдар тек арнайы рецептпен сатылатын дәрілердің бағасын ғана бақылауда ұстайды.
Биылдан бастап жаңа баж салығы күшіне енді. Осыған байланысты бірқатар импорттық дәрі қымбаттайды.
Айта кетейік, Өзбекстанда дәрі-дәрмекті заңсыз саудалау әрекеттері тыйылмай тұр. Жуырда ғана ұлттық қауіпсіздік комитеті 400-ге жуық қораптағы түрлі препаратты контрабандалық жолмен өткізбек болған топты құрықтаған. Іле-шала әділет министрлігі дәрілік заттардың контрафактілік көшірмелерін жасау және тарату дерегін анықтады.
Нусратилло Сулеймонов, Әділет министрлігінің жауапты қызметкері:
Күдіктілер қолға түсіп, заңсыз әрекеттің жолы кесілді. Бөтен брендтерді заңсыз пайдаланған азаматтарға ірі көлемде айыппұл салынатынын ескертеміз. Кәсіпкерлерді заң талаптарын сақтауға, зияткерлік меншік саласындағы заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамыз.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12