Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғыны әкімдіктен қарызын ала алмай жүр.
Бұл кадрлар былтыр қазан айында түсірілген. Бескөл ауылында ұзындығы 6 шақырым бөгет салынған. Аудандық әкімдік Есілдің дәл жағасында тұрған бірнеше үй мен бизнес нысандарын мемлекет қажеттігіне сатып алу жөнінде шешім шығарған. Олардың қатарында Данияр Төлегеновтің де үйі бар. Мамандар 190 шаршы метр баспана мен 10 сотық жерді 40 млн теңгеге бағалапты. Алайда үй иесі былтырдан бері тиісті қаражатты ала алмай жүр.
Данияр Төлегенов, ауыл тұрғыны:
2023 жылы үйді сатып алдық. Былтыр су басты. Өтемақы алып, баспананы жөндедік. Бірнеше ай бойы түрлі деңгейдегі әкімдіктердің табылдырығын тоздырдым. Тиісті ақшаны ала алмай жүрмін. Отбасыммен осында тұрып жатырмыз. Көктем жақындап қалды, тасқын болса, баратын жеріміз жоқ.
Аудандық әкімдік 6 жер учаскесіне бөгет салған. Қалған бесеуі бизнес нысаны. Қарыздың жалпы сомасы 100 млн теңгеге жуықтайды. Шенеуніктер дәл қазір аудан қазынасында мұндай қаржы жоқ екенін айтып отыр.
Асхат Бәкеев, аудан әкімінің орынбасары:
Қаржы жылы біткесін, ақша болмағасын оған төленген жоқ. Сондықтан қазір біз қайта бюджеттік өтінім жасап жатырмыз. Наурыз аяғына дейін сол кісіге қарызы төленетін болады.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СҚО тұрғыны әкімдіктен қарызын ала алмай жүр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/206632/)