Анкарада 33 адам арақтан уланып, көз жұмды
Анкарада қолдан жасалған спирттік ішімдік ішкен 33 адам қайтыс болды. Арақтан уланған тағы 20 адам ауыр халде ауруханаға түскен. Олардың көбі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл ақпаратты Анкара губернаторы Васип Шахин хабарлады. Арнайы қызметтер жүргізген рейд барысында жасырын цехта спирттік ішімдік жасаумен айналысқан 34 адам қамауға алынған. Ал Ыстанбұл қаласында жыл басынан бері алкогольді сусындардан уланған 71 адам көз жұмған. 49 адам ауыр халде ауруханаға түскен. Қолдан арақ жасап сатты деген күдікпен қазір тағы 10 адам қамауға алынды. Ел аумағында арақ-шарап сатылатын жерлердің барлығы тексеріліп жатыр.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12