Түркияның бірқатар өңірінде қалың қар жауды
Түркияның бірқатар өңірінде қалың қар жауып, ауа райы күрт бұзылды. Күн райының қолайсыздығынан бүгін 4 облыстағы мектепте сабақ тоқтатылды. Сондай-ақ Стамбұлдан Бурсаға қатынайтын қалааралық теңіз паромының жүруіне де шектеу қойылды. Кей қалааралық тас жолдарда көктайғақ болып, қалың қардың кесірінен бірқатар автожол толық жабылған. Ал Синоп провинциясында қалың қардың кесірінен топырақ көшіп, тас жолды жауып қалды. Синоптиктер ел аумағында апта бойы қолайсыз ауа райы сақталады, деп отыр. Алдағы күндері Анкара, Стамбұл, Измир сияқты ірі қалаларда қар мен жаңбыр жауып, дауыл соғады деген болжам бар.
Февзи Бурак Текин, Метеорология орталығының маманы:
Қара теңіз бен Жерорта теңізі жағалауындағы қалаларда нөсер жаңбыр жауады. Ал кей жерлерде қар аралас жаңбыр болуы мүмкін. Анкара мен Стамбұлда алдағы үш күн бойы қар мен жаңбыр жауып, қатты жел соғады деп болжап отырмыз.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26
Жол қозғалысы ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді
08.05.2026, 20:15
Балаларға арнайы көмек кабинеттері ашылады
08.05.2026, 20:15
Түркістанда 286 мың гектар аумақты шегіртке жайлаған
08.05.2026, 20:15
Бала қауіпсіздігі – басты міндет
08.05.2026, 20:14
Цифрландыру – ел дамуының көрсеткіші
08.05.2026, 20:12