СҚО-да кооператив басшысы сүттің субсидиясына қымбат көлік сатып алған
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы кооперативінің басшысы 50 млн теңгеден астам бюджет қаражатын қалтасына басқан.
Ол сүтке бөлінетін субсидияны алу үшін жалған құжат дайындап, тиісті органдарға тапсырған. Алаяқ қағаз жүзінде мал өсіретін кәсіпкерлерден сүт сатып алып, сары май шығарумен айналысатынын көрсеткен.
Сот шешімімен аталған келісім шарттардың заңды күші жойылды. Осылайша, 2019-2020 жылдар аралығында 50 млн теңгеден астам қаражатты қолды қылған. Облыстық экономикалық тергеу басқармасы жүргізген тексеріс барысында заңсыз ақшаға қымбат көлік сатып алып, басқа адамның атына рәсімдегені анықталды.
Күдікті 2 айға қамауға алынды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05