Таразда шетелден жұмыс тауып беремін деп ақша жымқырғандар сотталды
Тараздықтарды Ұлыбританияға айлығы көп жұмысқа апарамын деп алдап соққан екі азамат сотталды. Судья алаяқтарды 4 жылға бас бостандығынан айырды. Олар осыдан екі жыл бұрын арнайы орталық ашып, 80-ге тарта адамнан құжат қабылдаған. Жылыжайда жұмыс істейсің, деп жалған шарт жасап, 31 млн теңге ақша алған. Қалтаға басқан қаржыны жұмыс визасына жұмсалады деп сендірген. Енді екеуі 66 жәбірленушінің ақшасын өндіріп бермек. Ал орталық директорына халықаралық іздеу жарияланды. Ол дау шыққан күні-ақ Италия арқылы Америкаға қашып кеткен.
Қайрат Дүмбаев, Тараз қалалық сотының судьясы:
Сотталушылар мен жәбірленушілердің өзара сөйлескен Whatsapp жазбалары, скриншоттары және банк есепшотындағы көшірмелері негізге алынды. Сотталу қаулысында мемлекеттік айыптау 190-бабының 3-бөлігінен 4-тармағына ауыстырылған болатын. Сол баппен кінәлі деп танылды.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22