Қосымша құн салығы шағын кәсіпкерге әсер етпейді
Қосымша құн салығына қатысты өзгерістер шағын кәсіпкерлердің жұмысына әсер етпейді. Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бүгін осылай деді.
Шағын дүкендер, дүңгіршектер, мейрамханалар, шаштараздар, базардағы саудагерлер тура бұрынғыдай жұмысын жалғастыра береді. Жылдық максималды табысы 2,4 млрд теңгеден аспайтындар, әдеттегідей 4 пайыз төлеп, кәсібін жалғастыра береді. Қосымша құн салығының жаңа тарифі, бизнестің белгілі бір шағын тобына ғана әсер етеді. Нақты шешімді ұзақ талқылаулардан кейін бірақ қабылдаймыз деді ол.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі:
Қосымша құн салығы туралы білмейсіздер ме? Жазбаңыздар! Сіздер жай ғана халықты алдап, шу тудырып жатырсыздар. Кей белсенділердің есебі тіпті ақылға сыймайды. Біз әлі де түсіндіру жұмыстарын жалғастырамыз. Бизнес өкілдерімен кездесеміз. Ұсынысымызды осы айдың 20-на дейін мәжіліске кіргіземіз. Ол жақта да терең сүзгіден өтіп барып шешім қабылданады.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испаниялық танымал журнал Шымбұлақ пен Медеуді жоғары бағалаған
20.01.2026, 10:26
Мемлекеттен грант алған актер мобильді театр ашты
20.01.2026, 10:24
36 мыңнан аса талапкер ҰБТ тапсырды
20.01.2026, 10:24
СҚО-да 25 адамнан «гонконг тұмауы» анықталды
20.01.2026, 10:23
Өзбекстан билігі жазасын өтеушілерге ерекше жеңілдік жасамақ
20.01.2026, 10:22
Тегеран тұрғындары бейбіт шеруге рұқсат сұрап жатыр
20.01.2026, 10:21
Еуропаға виза алу жеңілдемек
20.01.2026, 10:21
Мерзімді әскери қызметтегі азаматтарға несие берілмеуі мүмкін
20.01.2026, 10:20