Түркияда тұмау өршіп тұр
Түркияда соңғы апталарда тұмау өршіп тұр. Дәрігерге жүгінгендер көбейген. Әсіресе балалар мен 60-тан асқан адамдар арасында вирус қатты таралып жатыр. Дәрігерлер «Инфлюенза Б» вирусы тыныс жолдарын бітеп, денені қақсатып ауыртады дейді. Дегенмен елдің Денсаулық сақтау министрі арнайы мәлімдеме жасап, тұмаудың таралуы жылдағы көрсеткіштен аспағанын және инфекциямен күрес жан-жақты жүріп жатқанын айтты. Халықты сақтық шараларын ұмытпай, жеке гигиеналық тазалық сақтауға және мүкіндігінше адам көп жиналатын орындарға бармауға шақырды.
Кемал Мемишоғлы, Түркияның Денсаулық сақтау министрі:
Инфлюенза атты вирус таралып жатыр. Дегенмен бәрі біздің мамандардың бақылауында, жылдағы маусымдық тұмаудың көрсеткіштерінен асқан жоқ. Мұндай тұмаудан үйден шықпай, көбірек таза ауада демалып, қоғамдық орындарға бармай-ақ жазылып шығуға болады.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12