Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бюджетін 400 млн долларға қысқартуы мүмкін. Оның үстіне персоналды жұмысқа алуды тоқтатқан. Бұған Дональд Трамптың Американы БҰҰ-ның агенттігінен шығару туралы шешімі түрткі болған.
Ал Құрама Штаттар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ең ірі доноры екені мәлім. Бюджетінің 18 пайызы АҚШ-тың үлесінде. Ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейсус Вашингтонға шешімін қайта қарауға үндеді. Трамп АҚШ-ты ұйымнан шығаратынын екі апта бұрын жариялаған еді. Бұл процесс бір жылға созылуы мүмкін.
Арай Төлегенқызы
