Алматыда жазушы, драматург Сәкен Жүнісовке ескерткіш тақта орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жазушы, драматург Сәкен Жүнісовке ескерткіш тақта орнатылды

20.09.2017

Алматыда Қазақстанның Халық жазушысы, драматург Сәкен Жүнісовтің тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.

Өткенге құрмет, кейінгіге үлгі көрсетуге арналған тағылымды шараға ақын-жазушылар мен қоғам қайраткерлері жиналды. Олар прозаик, әдебиет сыншысы Сәкен Нұрмақұлының ұлтымыздың руханиятына сіңірген ерен еңбегіне тоқталып, естеліктер айтты. Себебі, Сәкен Жүнісов қазақ сөз өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқан.

Ол әдебиет пен театрдың келелі мәселелерін қозғап, 100-ге жуық зерттеу еңбек пен сыни мақала жазған.

 Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу