СҚО-да биыл су тасқыны болуы мүмкін
Биыл Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны болады.
«Қазгидромет» өкілдері алдын-ала жасалған болжам нәтижесін жариялады. Десе де мамандар табиғи апат дәл былтырғыдай бола қоймас деп отыр. Облыста 19 гидрологиялық бекет жұмыс істеп тұр. Жүйелі түрде мониторинг жүргізіледі. Қазір жердің беткі қабаты 20 сантиметрден 1 метрге дейін қатып жатыр. Бұл көрсеткіш әдеттегі мөлшерге сай. Ал өңірдегі басты гидрологиялық нысан саналатын Сергеев су қоймасы әлі күнге тасып жатыр.
Дәурен Қосшығұлов, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының бөлім меңгерушісі:
Тасқын топырақтағы су қоры мен жауын-шашын көлеміне байланысты. Алғашқы көрсеткіш нормадан екі есе көп болып отыр. Ал жауған қар әдеттегі мөлшерге сай. Дегенмен ақпан, наурыз айлары жауын-шашынды болмақ. Ғабит Мүсірепов, Шал ақын, Есіл, Қызылжар аудандарында тасқын қаупі жоғары. Бұл алдын ала болжам. Наурыз айының басында нақты болжам белгілі болады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04