Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендердегі су тасқынына бірлесе дайындалуда. Арнайы комиссия құрылып, 2025 жылға жұмыс жоспары бекітілді. Көктемгі су тасқыны кезінде өзендердегі су ағынын бақылау үшін «Қазгидромет» пен «Росгидромет» ақпарат алмасады. Күзден бастап Ресейдің Қазақстанмен шекаралас субъектілерінің аумағында өзендердегі мұз қату мен мұздың қалыңдығын анықтау кезінде су деңгейіне талдау жүргізілуде.
Мамандар Есіл, Ертіс және Орал өзендерінің негізгі бассейндеріндегі қардағы су қорын назарға алады. Бұған дейін Ресейдің Төтенше жағдай министрі Қорған, Түмен және Мурманск облыстарында көктемгі су тасқыны қаупі жоғары екенін мәлімдеді. Шекаралас Алтай өңірінде де су тасу қаупі жоғары.
Виктор Томенко, Алтай өңірінің губернаторы:
Қазақстан мен Ресейдің бірнеше өңірі шекаралас. Біздің Алтай өңірі де көршілес орналасқан. Өңіріміздің Қазақстанмен шекара ұзындығы 840 шақырымға жуықтайды. Сондықтан үш өңіраралық келісімге қол қойдық. Су тасқыны кезінде де бірлесе жұмыс істейміз, бұл мәселе бойынша әріптестік артады, бақылау бар.
Индира Бегайдар