Жамбылда полиция қызметкері жолда қалған шетелдік туристерді қонақ қылды
Жамбылдық полицей жолда қалған шетелдік жиһанкез туристерді өз үйінде қонақ қылды.
Ақтүтек боранда ұлыбританиялық ерлі-зайыпты Силкей мен Киран Шымкентке жете алмай қалады. Қонақжай полицейдің төрінен табылған туристер дастарханнан дәм ауыз тиіп, түнеп те шықты. Тәртіп сақшысының 9 жасар қызы шетелдіктерге домбырамен күй тартып, тәнті етті. Ал ертесіне жол ашылып, қонақтар Шымкентке бағыт алды. 36 жастағы полицей бұған дейін де бірнеше жолаушыны қонақ қылған.
Серік Есенғали, Тараз қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция инспекторы:
Қазақта құдайы қонақ деген түсінік бар ғой. Сол бойынша үйге шақырдым. Ер-азаматтар бар екен автокөлік ішінде, сол азаматтарды күтіп жібердік. Жолда қалған, қиыншылыққа тап болған кісілерге көмектесу бұл - жалпы әрбір полиция қызметкерінің міндеті деп ойлаймын.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22