Таразда 5 жыл бұрын басталған су арнасының құрылысы әлі аяқталған жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда 5 жыл бұрын басталған су арнасының құрылысы әлі аяқталған жоқ

24.01.2025

Тараздағы Сеңкібай су арнасының құрылысы 5 жылдан бері бітер емес. Каналды бетондау жұмысына қазынадан 1 млрд 232 млн теңге бөлінген. Арна құрылысы аяқталғанын Тараз тұрғындары мен Байзақ ауданы диқандары сарыла күтіп отыр. Ал каналдың қоршауы болмағандықтан адам құлап, малдың мертігуі жиіліген. Данияр Әлімқұл құрылыс басында болып қайтты.

Тараздағы Сеңкібай су арнасының құрылысы 5 жылдан бері бітер емес. Каналды бетондау жұмысына қазынадан 1 млрд 232 млн теңге бөлінген. Арна құрылысы аяқталғанын Тараз тұрғындары мен Байзақ ауданы диқандары сарыла күтіп отыр. Ал каналдың қоршауы болмағандықтан адам құлап, малдың мертігуі жиіліген. Данияр Әлімқұл құрылыс басында болып қайтты.

Данияр Әлімқұл, тілші:

Мына «Сеңкібай» су арнасын салу бес жыл бұрын басталды. Жалпы ұзындығы 20 шақырымға жетеді. Екі жылда ел игілігіне берілу керек еді. Бірақ бетондалып бітпей, осы жерден тоқтаған.

Каналдың 13 шақырымы ғана жөнделген. Ал Сеңкібай арқылы жаздың күні Тараздағы 4 елді мекеннің егістігі мен Байзақ ауданындағы 4 мың гектардан аса алқап суарылады. Бүгінде бітпеген каналдың бойымен жүру де қауіпті.

Талғат Дүйсенов, тұрғын:

Сабақтан, №50 мектептен шыққан кезде көп оқушылар осы каналдың бойымен жүреді. Одан кейін жаяу жүргіншілер қолдан жасап алған. Солардан өтеді. Ертең өте қауіпті. Екі бала, үш бала ағып кеткен былтырлары. Сондай жағдайларды болдырмау үшін менің ойымша қоршауды дер кезінде істеу керек.

Мердігердің айтуынша арна бойына тұрғын үйлердің тым жақын салынуы құрылыстың созылуына әкеп соқтырған. Ал арнамен аққан су топыраққа сіңе берген. Оны тоқтататын арнайы саз төсемдер табылмапты.

Нұржан Әбдірахманов, мердігер компанияның жоба менеджері:

Бұл жерге өте көп мөлшерде грунт керек болды, суглинок деген. + Екіншіден жер асты суы жақын бұл жерде. Су сіңе бергеннен кейін +осы елді мекеннің ішін өзгерттік.

Осылайша жоба өзгеріске ұшырап, тағы екі жылға созылған. Мердігер бастапқыда белгіленген баға бойынша жаңғыртуды жалғастырып жатыр.

Бауыржан Шынарбек «Қазсушар» РМК облыстық филиалдың инженері:

Жоба бойынша қаралған трапециялық бетон каналын сала алмадық. +Сол себептен жобалаушы мекеме мен мердігер бірігіп, шешімін табу мақсатымен бітқатар жұмыстар атқардық. Яғни Г блоктарға ауыстыру туралы шештік, құрылыс жұмыстары толық жүріп жатыр.

Созбалаңға салынған арна құрылысы биыл жыл аяғында бітеді деп сендіреді. Бірақ құрылыс заттарының қымбаттауына байланысты мердігерге қосымша қаржы қарала ма, жоқ па, белгісіз. Ал арнаның айналасы қаржы бөлінген соң ғана қоршалмақ.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу