Түркияда өрттен қайтыс болғандар 76-ға жетті
Түркияда қонақ үйдегі өрттен қайтыс болғандар саны 76-ға жетті. Осыған байланысты елде бүгін аза тұту күні деп жариялады. Түркиядағы барлық мемлекеттік мекемелерде тулар төмен түсірілді. Ресми ақпаратқа сай қайтыс болған 76 адамнан 52-нің аты-жөні анықталды, ал қалған 24 адамның кім екені нақтыланып жатыр. Оқиға орнында арнайы тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Кеше түнде Ыстанбұлдан 300 шақырым жердегі Болу провинциясында Карталкая тау шаңғысы демалыс орнында бір қонақ үй өртенген еді. Өрт басталғанда ғимараттың ішінде барлығы 300-ден астам адам болған.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Димаш Құдайберген продюсерлік еткен шоу Қытайда қаралымы жағынан абсолютті рекорд орнатты
09.02.2026, 21:01
«Пейіш- 2» фильмі көрерменге жол тартты
09.02.2026, 20:59
Қысқы Олимпиадада бүгін қандай жарыс түрлері өтті?
09.02.2026, 20:39
М.Мақатаев: Мен – XXI ғасыр ұрпақтарының құрдасымын
09.02.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Eco Quiz» ойыны өтті
09.02.2026, 20:21
Үкіметте Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері қаралды
09.02.2026, 20:20
Қонаев қаласында қатты жел соғып, ғимараттардың шатыры ұшты
09.02.2026, 20:20
Індет анықталған елді мекендерде карантин жарияланды
09.02.2026, 20:19