Иранда қақтығыс кезінде қайтыс болғандар саны 76-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иранда қақтығыс кезінде қайтыс болғандар саны 76-ға жетті

28.09.2022

Иранда қауіпсіздік күштері мен демонстранттар арасындағы қақтығыс кезінде қайтыс болғандар саны 76-ға жетті. Олардың барлығы – шерушілер.Тәртіпсіздіктің басталуына ирандық Күрдістан тұрғыны – 22 жастағы Махса Әмиридің орамалды дұрыс тақпады деген себепен тұтқындалып, полиция бөлімшесінде қайтыс болуы түрткі болды. Әкесінің сөзінше, қызының денсаулығы Тегеранда ұсталып, комаға түскенге дейін жақсы болған. Тәртіп сақшылары мұны жоққа шығарып отыр.  Әмиридің өлімінен кейін елдің 80 қаласында наразылық акциялары басталып, олар бостандықтың шектелуіне, экономиканың нашарлауына қарсы демонстрацияларға ұласты. Президент Ибрахим Раиси болса, жақында мәлімдеме жасап, құқық қорғау қызметкерлері мен бейбітшілік оппоненттерне қарсы қатаң шара қолдануға шақырды.


Хабарламаларға жазылу