Степногорск қаласында  Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Степногорск қаласында  Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші ашылды

11.09.2017

Ақмола облысының Степногорск қаласында геолог-ғалым, Қазақ ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың ескерткіші ашылды. Ғұлама ғалымның қола мүсіні шаһар күні қарсаңында тұрғызылды. Степногорск – индустриалды қала. Мұнда өндіріс ошақтары, алтын, уран кен орындары бар. Сондықтан, шаһарда Қаныш Сәтбаев ескерткішінің бой көтеруі кездейсоқтық емес. Мүсіннің салтанатты ашылуына ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері, Қаныш Имантайұлының туыстары мен қала тұрғындары жиналды. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, мүсіннің қалануына тұрғындар бастамашы болған.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу