Түркістандықтар тазалық акциясын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандықтар тазалық акциясын өткізді

21.01.2025

Түркістанда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық тазалық шарасы өтті. Оған әкімдік қызметкерлері, шаһар тұрғындары, жалпы 500-дей адам жұмыла қатысты. Саябақтар мен алаңдар, арықтар мен көшелер қоқыстан тазартылды.

Шаһардың көркін сақтап, жастарға үлгі-өнеге көрсету үшін мұндай шараның мән-маңызы зор. Қазір тұтас ел бойынша қолға алынып, ауқымы кеңейіп жатқан акцияны түркістандықтар да қолдап, осылайша үлестерін қосты. Бұл тазалық шарасы тұрақты түрдей ұйымдастырылып тұрмақ.  

Қыдырәлі Рысбек - Облыстық ақсақалдар алқасының мүшесі:

Президентіміздің осы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қойғандағы мақсаты экологиялық тазалықпен қатар әрбір жанның жан тазалығы болса деген мақтсат ау деп ойлаймын. Егер де әрбір жанның жан тазалығы болатын болса ол адамның өзінің отанына деген, халқына деген, ұлтына деген махаббаты зор болады. Сол кезде біздің Қазақстанымыздың болашағы жарқын болады.

Айнұр Әбілқасымқызы

Хабарламаларға жазылу