Атырауда «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті
Атырауда жастар 160 тонна қоқыс шығарды. Аймақта «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараға 70-тен астам «Жасыл ел» ұйымының жастары және белсенділер жұмылдырылды. Олар акция барысында қаладағы Авангард ықшам ауданындағы Жайық жағалауын қоқыстан тазартты. «Таза жағалау» акциясының басты мақсаты - қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Айта кетейік тазалық акциялары әр апта сайын қалада және аудандарда өткізіліп жатыр.
Рахат Қалиев, «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы облыстық штабының менеджері:
Біздің жоба барысында барлық ауданда және қалада үлкен 200 адамдық республикалық тазалық акциясын өткізу жоспарланған. Және одан бөлек бізде осылай әр апта сайын әр ауданда ұйымдастырылып отырады. Өткен аптада Жұмыскер ықшам ауданында болған, қазір Авангард ықшам ауданында болып жатыр. Мүмкіндік болса Атыраудың жалпы осы Жайық жағалауындағы аумақтарды қоқыстан тазартамыз деген ойдамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы«Референдум – 2026»: Онлайн марафон жалғасуда
15.03.2026, 12:08
Елордалықтар республикалық референдумда ерекше белсенді
15.03.2026, 12:06
Референдум тәуелсіз байқаушылар назарында
15.03.2026, 12:05
Семейде қоғамдық көлік тегін қатынауда
15.03.2026, 12:04
Respublica партиясының депутаттары азаматтық ұстанымын білдірді
15.03.2026, 12:03
Мәжіліс депутаттары дауыс берді
15.03.2026, 12:02
10388 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр
15.03.2026, 12:01
Президент республикалық референдумда дауыс берді
15.03.2026, 12:00