Қазақстаннан Өзбекстанға қарай 717 дана бұғының мүйізін заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды
Қазақстаннан Өзбекстанға қарай 717 дана бұғының мүйізін заңсыз алып өтпек болған контрабандалық топ қолға түсті. Бұл туралы Ташкент облысы бойынша кеден комитеті хабарлады. «Гишткуприк» бақылау-өткізу бекетінде кеденшілер жаяу кіріп келе жатқан тұрғынның қол жүгін тексереді. Үлкен екі сөмкеден 117 дана бұғының мүйізі шықты. Артынша осы бекет арқылы өтіп бара жатқан жеңіл көлікті тексерген кеденшілер жүксалғыштан 600 дана мүйізді тапқан.
Екі жағдайда да жолаушылар кедендік декларация толтырған кезде жүкті көрсетпеген. Ғылым академиясы Зоология институтының сараптама қорытындысына сәйкес мүйіздер солтүстік бұғысына тиесілі. Бұл жануарлар Өзбекстанның Қызыл кітабына енгізілген. Қазір алдын ала тергеу жұмыстары басталды.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12