Алматыда Шапық Шөкинге арналған ескерткіш қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Шапық Шөкинге арналған ескерткіш қойылды

24.08.2017

Бұл шара елімізде энергетика саласының негізін қалаушы академиктің туғанына 105 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Ескерткіш Шапық Шөкин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтының алдына орнатылды. 500-ден астам ғылыми еңбегі бар белгілі академиктің ескерткішін орнату - «Рухану жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілген игі істердің бірі. Соғыс ардагерлері, ғалымның туған-туыстары мен жолын қуған шәкірттері бас қосқан жиынға қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты. Ол Шапық Шөкиннің жаңашыл ғылыми еңбектері арқылы өз кезеңінің қоғамдық сананы жаңғыртушысы болғандығын атап өтті. 

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу