Стратегиялық нысанды мемлекет меншігіне қайтару туралы қоғам пікірі екіге жарылды
Шымкентте қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған монополист компанияны мемлекет меншігіне қайтару туралы бастаманың соңы дауға ұласып барады. Бұл ұсынысты жақтаушылар мен қарсы шыққандар екі топқа бөлініп, алма кезек петиция жариялауда.
Қалалық мәслихат депутатары мен әкімдік қызметкелері бастаған топ еліміздегі үш мегаполистің ішінде әлі күнге ауыз судың ең қымбат тарифі Шымкентте, деп санайды. Айтуларынша Алматыдан 2 есе, Астанадағыдан 1,5 есе қымбат. Сондай-ақ құбырлардың да тозығы жеткен.
Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары:
Алматыда 45 теңге, Астанада 91 теңге тұратын ауыз суды «Су ресурстары-маркетингі» 142 теңгеден сатып отыр. Сондықтан бұл тұрғыда компанияның ұстанған саясаты мен петицияда айтылып тұрған дүние бір-біріне қабыспайды.
Бүгінгі таңда қаладағы ауыз су жүйлерінің 78 пайызы осы серіктестіктің меншігінде. Компания жыл сайын табысының 41 пайызын желілерді жаңартуға жұмсайды. Ал нысанды мемлекет меншігіне қайтару тарифтің өсуіне негіз болады,-дейді қарсы петицияны әзірлеген жұмыс тобының мүшелері.
Бақтияр Аталықов, жұмыс тобының мүшесі:
Себебі әкімдік «Су ресурстарының» мүлкін салған соң нысанды басқару үшін мемлекеттік мекеме құрады. Оны ұстап тұру, отырған жері, жүрген тұрғаны, ақысы басқа да шығындары автоматты түрде тарифтің көтерілуіне әкеп соғады.
Жергілікті билік пен депутаттар мекеменің табысы мен шығынына күмәнмен қарайды. Компанияның Европа банкіне 12 миллиард теңге берешегі бар. Бұл жәйт ұлттық қауіпсіздікке де қатер төндіреді, - дейді олар.
Қайрат Битасов, заңгер:
Сол қарызды қайтару үшін кепілдікке осы серіктестіктің жылжымайтын мүлкі және 54 пайыз акциясы беріліп кеткен. Ал қазір шетелдік компания кепілдік ұстаушы болғандықтан бізге қауіп төндіреді.
Су арнасы мекемесі 1997 жылы жекешендірілген. Серіктестік басшысы бұл іс заң талаптарына сай жүргізілгендіктен нысанды мемлекет меншігіне қайтарып беруге ешқандай негіз жоқ деп санайды.
Анарбек Орман «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС директоры:
Облыстық әкімшілік өзінің арнайы аппаратында қарап мұны жекешелендіруге берген. Оны мемлекеттік мүлік ретінде аукционда сатқан. Ал енді сіздер қалай оны мемлекетке қайтарып алғыларыңыз келеді.
Стратегиялық нысанның тағдырына байланысты екі түрлі ұстанымдағы топтардың әрқайсысы өз петицияларына 12 мыңнан астам қол жинап, жұмыс тобына тапсырды. Енді қай тараптың дұрыс-бұрыстығын екені сотта анықталмақ.
Ғани Қалмаханов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
